Date of publication: 08.11.2024 10:19
Date of changing: 08.11.2024 10:20

ҚР Президенті Әкімшілігінің делегациясы "Нұр Жолы" және "ШЫХО-Қорғас" кеден бекеттеріне барды

 

Жұмыстың тиімділігін бағалау және Қазақстанның көлік дәліздерін дамыту перспективаларын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің делегациясы "Нұр Жолы" және "ШЫХО-Қорғас" кеден бекеттеріне барды.

Сапар барысында әкімшілік өкілдері өткізу пункттерінде өз жұмысын жүзеге асыратын бақылаушы қызметтердің қызметімен егжей-тегжейлі танысты. Жолаушылар мен жүктерді бақылауды ұйымдастыру, "Кеден" ақпараттық жүйесін қолдану, сондай-ақ кедендік ресімдеуге қатысатын түрлі ведомстволардың өзара іс-қимылы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, делегация мүшелері тауарлар мен адамдардың шекара арқылы өтуін бақылау үшін пайдаланылатын арнайы техникалық құралдардың жұмысымен танысты.

Іс-шара аясында посттың өткізу қабілетін арттыру, туристер үшін қолайлы жағдай жасау және бақылау жүйесін жетілдіру мәселелері қозғалды.