Date of publication: 31.10.2024 16:21
Date of changing: 31.10.2024 16:22

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті дөңгелек үстел өткізді

 

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында 2024 жылдың 30 қазанында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Отырыста келесі тақырыптар бойынша проблемалық мәселелер талқыланды:

1.  мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қорғалатын құпия болып табылмайтын ақпаратпен алмасуды орнату;

2.  тәуекел кәсіпорындарының белгілері бар немесе Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасын бұзуға жол берген заңды тұлғаларды Жетісу облысының аумағында орналасқан мекенжайын өзгерту арқылы заңсыз қайта тіркеу бойынша бірлескен шаралар қабылдау;

3.  Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу және қайта ұйымдастыру саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.