Date of publication: 31.10.2024 12:31
Date of changing: 31.10.2024 12:31

"E-SALYQ BUSINESS" МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ-БКМ БАЛАМАСЫ

 

Құрметті салық төлеушілер!

БКМ-ге балама ретінде ЖК "e-salyq Business" мобильді қосымшасын қолдана алады.

Естеріңізге сала кетейік, қосымшаны ҚҚС төлеушілер қолдана алмайды.

Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаның берілген күні арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып АСР қолдану басталған күн болып есептеледі

Жеңілдетілген декларация негізінде АСР қолданатын ЖК кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде мобильді қосымшаның функционалдығын пайдалануға, атап айтқанда чек беру жөніндегі функционалды пайдалануға құқылы.

Арнайы мобильдік қосымшада мобильдік қосымшаны пайдалана отырып немесе оңайлатылған декларация негізінде (ҚҚС төлеуші емес) АСР қолданатын ЖК мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы, алушы арасында есеп айырысуды жүзеге асыру фактісін растайтын құжат ретінде арнайы мобильдік қосымшаның чегі қалыптастырылады.

Арнайы мобильді қосымшаның чегін тек орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге ғана емес, сатылатын тауарларға да беруге болады.

Қосымшаның чегі, БКМ чегінен айырмашылығы, нақты тауарды ғана емес, сонымен қатар мобильді қосымшаның ерекшелігін ескере отырып, жалпы құнын, жалпы көлемін көрсете отырып, тауарлар санатына беруге болады.

Бұл ретте тауар санаты деп функционалдық мақсаты бойынша біріктірілген тауарлар тобы түсініледі.