
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың қозғалысын бақылау туралы не білу керек
Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО кеден заңнамасының нормаларына сәйкес тауарлар БЭЖ кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және тыйым салулар мен шектеулер сақтала отырып, кедендік рәсімдермен орналастырылады.
Қазақстан Республикасында әскери және қос мақсаттағы тауарлардың (ерекше тауарлардың) өткізілуін бақылау "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, сондай-ақ "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен реттеледі.
Ерекше тауарлардың түрлері (қосарлы және әскери мақсаттағы) ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.06.2023 жылғы №424 бұйрығымен бекітілген.
Әскери және қос мақсаттағы тауарларға мыналар жатады: кәдімгі қару-жарақ пен әскери техника, химиялық заттар, ауру қоздырғыштары, зымыран техникасы, электроника, есептеу техникасы, датчиктер, лазерлер, навигациялық жабдықтар, авиациялық электроника, ғарыш аппараттары және онымен байланысты жабдықтар, ұшқышсыз ұшу аппараттары, жарылғыш заттар.
Мемлекеттік шекара арқылы нақты тауарлардың, сондай-ақ әкелуге тыйым салынған немесе шектелген тауарлардың заңсыз өткізілуінің алдын алу және жолын кесу мақсатында Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті СЭҚ қатысушыларын нақты тауарларды бақылау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де заңнамалық актілерін қатаң басшылыққа алуға шақырады.