
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация» 270.00 нысанын тапсыру мерзімі 2024 жылғы 15 қыркүйекте аяқталады.
2024 жылғы 1 тамыздан бастап 270.00 жаңа нысаны бекітілді, ол қазіргі уақытта салық төлеушінің кабинетінде және СЕӨЖ-де іске асырылды.
E- Salyq Azamat, Halyk, Каспий банкі, ЦКБ мобильді қосымшаларында бұл нысан уақытша іске асырылмаған.
Ақпараттық жүйелерді жаңарту туралы ақпарат қосымша хабарланады.