Date of publication: 12.06.2024 18:01
Date of changing: 12.06.2024 18:02

«ШХЫО-Қорғас» кеден бекетінің жұмыс күндері

 

2024 жылғы 7 маусымда Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «ШХЫО-Қорғас» кеден бекетінде кедендік және шекаралық бақылау жүргізу кезінде "Rapiscan" рентгентел-бейнелеу аппаратын қолдана отырып, багаж терминалында 740 блок ("ESSE" темекілері 681 блок, "MILANO" 59 блок) мөлшерінде темекі бұйымдары анықталды.

Кеден заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабына сәйкес тауар мен көлік құралын тәркілеуді көздейтін жеке тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

2024 жылғы 7 маусымда кедендік және шекаралық бақылаудан өту кезінде ҚР - нан ҚХР «ШХЫО-Қорғас» Қытай бөлігіне кіру залында ҚР азаматы С.-тан 2,77 млн. теңге, 5 000 АҚШ доллары сомасына декларацияланбаған ақшалай қаражаты анықталды.

2024 жылғы 10 маусымда ҚР азаматы Ж. 6,086 млн. теңге сомасына декларацияланбаған ақшалай қаражат анықталды.

Кеден заңнамасын бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК 551-бабының 3-бөлігінде (10 АЕК) көзделген шаралар қабылданды.