Date of publication: 07.06.2024 17:43
Date of changing: 07.06.2024 17:44

2024 жылғы 7 маусымда Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ҚР ҚМ персоналды басқару және стратегия департаментінің директоры К. К. Орынхановтың қатысуымен кеңес өтті.

Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты нығайту, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын арттыру жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, кеңесте Әдеп жөніндегі уәкіл, Жетісу облысы бойынша МКД басшы орынбасары Н.А. Баймулдинов баяндама жасады. Өз сөзінде Н.А. Баймулдинов департамент қызметкерлері арасында әдеп нормаларын қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлық көріністерімен бітіспес күрес қажеттігін атап өтті.

Департамент басшысы Т.Д. Қозбеков қызметкерлердің біліктілігін үнемі арттырудың және мемлекеттік қызмет саласында үздік тәжірибелерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.