
ТЕРРОРИЗМ ЖӘНЕ ЭКСТРЕМИЗМ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІНДІ
Қазақстан Республикасы кеден органдарының негізгі міндеттері ҚР ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын қорғау, өз құзыреті шегінде ҚР егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуін жеделдету және қолайлы жағдайлар туғызу болып табылады.
Бүгінгі күнде Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, өзінің күнделікті қызметінде облыстың құқық қорғау органдарымен (ҰҚКД, ПД, ЭТД, прокуратура органдары) өзара іс-қимыл әрекеттерін жүзеге асырып отырады.
Кедендік бақылауды жүргізу барысында, Департамент тарапынан кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру, кедендік қарап-тексеру, кедендік жете тексеру, жеке кедендік тексеру сияқты бақылау нысандары қолданылады.
Сондай-ақ, Департамент ҚР ҰҚК ШҚ-мен бірлесе отырып, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекеттерінің жолын кесуге және өткізу пункттеріндегі заңсыз көші-қонға қарсы күреске байланысты тәуекелдерді басқару, жолаушылар ағынында халықаралық террористік және діни-экстремистік ұйымдардың қызметіне қатысы бар адамдарды анықтау мәселелері бойынша іс-шаралар өткізеді.
Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекеттерінің жолын кесу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл - халықаралық террористік және діни-экстремистік ұйымдардың қызметіне қатысқан адамдардың ҚР-ға кіруіне (басқа елдерге транзитпен) және азаматтардың заңсыз көші-қонына жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады.