
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өтті
Бүгін 2024 жылғы 5 сәуірде Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында "жалпыға бірдей декларациялау"тақырыбында брифинг өткізді.
Іс-шара спикері, Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары С. Шайкенов жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеті болып табылатынын атап өтті:
* әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру,
* жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру,
* сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.
Спикер жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кірген 117 431 жеке тұлғаның "кірістер мен мүлкі туралы Декларацияны" облыс бойынша 31 857 адам ұсынғанын атап өтті.




























