Date of publication: 14.03.2024 11:47
Date of changing: 14.03.2024 11:49

"ШЫХО-Қорғас" кеден бекетінде декларацияланбаған қаражат анықталды.

 

Ағымдағы жылдың 11-13 наурызы аралығында үш күн ішінде ҚР-дан әкету кезінде Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "ШЫХО-Қорғас" кеден бекетінде ҚР үш азаматынан 15,7 млн.теңге және ҚР бір азаматынан 12,7 мың АҚШ доллары көлемінде декларацияланбаған ақшалай қаражат анықталды.

Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 343-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, егер ЕАЭО кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе ЕАЭО кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады.

Барлық фактілер бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес 10 000 мың АҚШ долларынан асатын сомада қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынғанын еске салады.