Date of publication: 01.03.2024 17:18
Date of changing: 01.03.2024 17:25

ТАЛДЫҚОРҒАНДА АКЦИЗДЕЛЕТІН ӨНІМДЕРДІ ЗАҢСЫЗ САТУ АНЫҚТАЛДЫ

Талдықорған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері 28.02.2024 жылы "Эльдорадо" сауда үйінде лицензиясыз қызметті және акцизделетін өнімді заңсыз сатуды анықтады.

Іс-шара барысында барлығы 5 680 қорап мөлшерінде темекі өнімдері (темекі) ("Oris", "Zumerret", "Oscar" және басқалары), 100 литр мөлшерінде алкоголь өнімі (құрамында 5 литрлік ыдыста сұйықтық бар спирт) тәркіленді.

Материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Жексу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

Еске саламыз! «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» және «Темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тиісті лицензиясыз, тауарларға ілеспе жүк құжаттарынсыз және сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған акцизделетін өнімді өткізуге тыйым салынады.