Date of publication: 05.02.2024 11:48
Date of changing: 05.02.2024 11:58

Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) тек жеке тұлғаларға қызмет көрсеткен, жұмыскерлерді жалдамаған, 2023 жылы табысы 4,1 млн.теңгеден немесе 1 175 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін ғана 5 жылға уақытша енгізілді (2019 жылдан 2023 жылға дейін).



БЖТ сомасы республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада 1 АЕК (2023 жылы 3 450 теңге) және басқа елді мекендерде – 0,5 АЕК (2023 жылы 1 725 теңге) құрады.



БЖТ сомасы 10% жеке табыс салығын (ЖТС) және әлеуметтік төлемдерді (20% әлеуметтік аударымдар, 30% міндетті зейнетақы жарналары, 40% міндетті медициналық сақтандыруға арналған аударымдар) қамтыды.



Осылайша, БЖТ төлеушілер әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тартылды.



БЖТ қолдану мерзімі 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталды және бұрын БЖТ төлеген азаматтар дара кәсіпкер (ДК) ретінде тіркеліп, ыңғайлы салық салу режимін таңдауы қажет.



ҚАЙ САЛЫҚ РЕЖИМІН ТАҢДАУ КЕРЕК?



«E-salyq Виѕіпеѕѕ» мобилді қосымшасы



Ең қолайлы режимдердің бірі «E-salyq Виѕіпеѕѕ» арнаулы мобилді қосымшасын пайдаланылатын арнаулы салық режимі болып табылады.



Бұл режимнің ыңғайлылығы мынада:



- жеке кәсіпкер ретінде тіркелу салық органдарына бармай-ақ, «E-Salyq Виѕіпеѕѕ» мобилді қосымшасы арқылы жүргізіледі;



- мобилді қосымша алынған кірістердің есебін автоматты түрде жүргізуге мүмкіндік береді;



- мобилді қосымша арқылы бақылау-касса машинасының чегін алмастыратын чек беріледі, тиісінше бақылау-касса машинасын сатып алудың қажеті жоқ;



- мобилді қосымша салықты (ставкасы - кірістің 1%) және әлеуметтік төлемдерді есептейді;



- декларацияны тапсыру бойынша міндеттемелер жоқ;



- мобилді қосымша салық органдарына бармай-ақ, кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға мүмкіндік береді;



- мобилді қосымша салық режимін таңдауға немесе өзгертуге, салық төлеуге, төлемдерді басқаруға (қайтарулар, аударымдар) мүмкіндік береді.



Бұл режимді кірісі 2024 жылы жалдамалы қызметкерлерсіз қызметтің 33 түрінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыратын 13,0 млн. теңгеден (жылына 3 528 АЕК) аспайтын азаматтар қолдана алады (Салық кодексінің 686-2-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы).