
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге "Өзіңізді алаяқтық әрекеттерден қалай қорғауға болады" атты семинар өткізді
2023 жылғы 27 желтоқсанда Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жетісу облысының экономикалық тергеу департаментінің қатысуымен интернет-алаяқтық тақырыбында салық төлеушілерге арналған семинар өткізді.
Жетісу облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Д.Б. Нұрғожаев өз сөзінде:
"Интернет біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Мұны таза емес азаматтар белсенді қолданады. Бұқаралық ақпарат құралдарында интернеттегі алаяқтықтың әртүрлі жағдайлары үнемі жарияланып отырады.
Алаяқтар жалған интернет-дүкендер құруда, онда олар ЖК немесе ЖШС иелері ретінде әртүрлі тауарлар мен қызметтерді сатады.
ЖК, ЖШС -ті тіркеудің жеңілдетілген рәсіміне байланысты бұл бағыт қаскүнемдердің ерекше қызығушылығын тудырады.»
Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Е.С. Құрманбаев ақпараттық технологияларды, лудоманияны, қаржы пирамидаларын пайдалана отырып, экономикалық қылмыстар туралы айтып берді.
Семинар аясында Департамент қызметкерлері ЖК, ЖШС, жалған кәсіпкерлікті тіркеуге байланысты кибер алаяқтық туралы баяндама жасады. Семинарға қатысушыларға e-Salyq Azamat, e-salyq Bussiness МКК цифрлық өнімдері туралы айтылды.