
Кәсіпкерлер қауымдастығының форумы: жалпыға бірдей декларациялау және салық есептілігін азайту
22.12.2023 ж., Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Шайкенов С.С. Жетісу облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының облыстық форумында Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі туралы баяндамасымен сөз сөйледі.
Департамент басшысының орынбасары өз сөзінде салық есептілігі нысандарының санын қысқарту тақырыбына да тоқталды. Ол «E-Salyq Business» мобильді қосымшасында енгізілген ақпараттық жүйелердің деректері негізінде декларацияларды алдын ала толтырудың функционалдығы туралы айтты.
Форум барысында қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, Салық кодексіне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар берілді.