Date of publication: 16.11.2023 16:02
Date of changing: 16.11.2023 16:03

Салық есептілігінің берiлуiн тоқтата тұрудан бас тарту

 

Алдыңғы мақалада біз сізге салық органына салық есептілігін беруді тоқтата тұру, ұзарту немесе қайта бастау әдісі туралы айтып бердік. Бірақ салық органы сіздің өтінішіңізге әрдайым келісе бермейді. Салық органы қандай жағдайларда және неге салық декларацияларын табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарта алады.

Салық органы салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тартуы мүмкін, егер сізде:

- өтініш берген күнгі әлеуметтік төлемдер бойынша салық берешегі, мерзімі өткен берешегі;

- талап қою мерзімін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 213-бабы 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген салық есептілігін табыс етпеу фактісі;

- Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 213-бабы 1-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті табыс етпеу фактісі;

- Салық органының Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 91-бабына сәйкес әрекетсіз деп тану фактісі;

- Салық органы жіберген тексерусіз хабарламалар.

Салық декларацияларын табыс етудi тоқтата тұрудан бас тартылған жағдайда Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен салық декларацияларын табыс ету қажет.