
Блогерлермен және консалтингтік компаниялармен кездесу
Бүгін, 2023 жылғы 2 қарашада Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті блогерлермен және консалтингтік компаниялармен бірлесе отырып семинар өткізді. Онда салық заңнамасындағы өзгерістер талқыланды, сондай-ақ салық төлеушілерден біздің байланыс орталығына келіп түсетін өзекті мәселелер қаралды.
Жалпыға бірдей декларациялау тақырыбы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Бұдан басқа, цифрлық өнімдерді (Е-Salut Azamat, Е-Salyk Business, SalyqBot) және ҚР ҚМ МКК порталының интерактивті сервистерін қолдану туралы ақпарат жеткізілді. Сондай-ақ, салық төлеушінің салық есептілігін ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі және бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану туралы айтылды.
Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз!
#Салық # Кірістер Департаменті #Жетісу # Семинар