
Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлқы мәселелеріне көбірек көңіл бөлінеді. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсіби және жеке құзыреттер, моральдық-адамгершілік қасиеттер мен әдептілік мінез-құлық көріністеріне негізделген.
Этикалық нормаларды сақтау мемлекеттік қызмет жүйесінде ерекше орын алады.
Қазіргі жағдайда мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды күшейту мәселелері қоғам тарапынан мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыруға ықпал ететін осы саладағы заңнаманы жетілдіруді талап етті.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енген "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) осы міндетті іске асыру қорытындысы болды.
Әдеп кодексі қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық, сондай-ақ көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу стандарттары айқындалған.
Әдеп кодексінің нормалары ерекше, бірақ сонымен бірге мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне қойылатын орындалатын талаптарды айқындайды.
Жетісу облысы бойынша МКД
Әдеп жөніндегі уәкілі Д.Б.Нургожаев