Date of publication: 25.07.2023 16:09
Date of changing: 25.07.2023 16:11

Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әкелу

 

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына

ЕЭК Алқасының 2023 жылғы 5 шілдедегі № 90 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды, оның ішінде кіріктірілген не басқа тауарлардың құрамына кіретін құрылғыларды әкелу туралы Ереженің 6-тармағына өзгерістер енгізілді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 15 қосымша).

«6. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды әкелуі осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) кеден органына қорытынды (рұқсат беру құжаты) ұсынған кезде жүзеге асырылады.

Жеке тұлғалардың одақтың кедендік аумағынан бұрын уақытша әкетілген жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде одақтың кедендік аумағына радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды кері әкелуі аталған радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды әкету кезінде ресімделген және олардың сәйкестендіру белгілері бар жолаушылар кедендік декларациясын мүше мемлекеттің кеден органына ұсынған кезде жүзеге асырылады (радиожиіліктің атауы, моделі және диапазоны).

Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде бірыңғай тізілімге немесе осы Ережеге № 2 қосымшада көзделген тізбеге енгізілген радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды әкелуі мүше мемлекеттің кеден органына қорытынды (рұқсат беру құжаты) және жолаушылар кедендік декларациясын ұсынбай жүзеге асырылады.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді

Құжаттың жарияланған күні: 06.07.2023 ж.

Күшіне ену күні: 05.08.2023 ж.

Ресми құжатқа сілтеме https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/01440424/err_06072023_90.