Date of publication: 25.07.2023 11:58
Date of changing: 25.07.2023 12:07

«Такс фри» пилоттық жобасы: туристерге ҚҚС сомасын қайтару

 

Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті сіздердің назарыңызға келесі мәліметті ұсынады. Мемлекеттік кірістер комитеті туризмді дамыту мақсатында тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде туристерге (шет мемлекеттердің азаматтарына) ҚҚС сомасын өтеуді көздейтін «Такс фри» пилоттық жобасын іске асыруда. Бұл ретте шетелдіктің алып бара жатқан тауарының сатып алу құны 20 айлық есептік көрсеткіштен асуы керек (ҚР ҚМ 2019 ж. 13 тамыздағы № 871 бұйрығы).

Премьер-Министр Орынбасарының – Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 710 бұйрығымен пилоттық жобаны іске асыру мерзімі 2023 жылғы 30 маусымнан 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.  Енді пилоттық жоба Шымкент қаласында да жүзеге асады.

«Такс фри» пилоттық жобасы Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында орналасқан стационарлық сауда объектілерінде «Такс фри» жүйесінің операторы мен «Такс фри» жүйесіндегі сауда қызметінің субъектісі арасында жасалған «Такс фри» пилоттық жобасына қатысу туралы шарт негізінде іске асырылады.

«Такс фри» - Бұл туристің сатып алған тауарының қосылған құн салығын қайтару. Шетелдік туристерге Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге құны 20 АЕК асатын ҚР сатып алынған тауарларды әкету кезінде қайтарылады.

«Такс фри» жүйесінде қосылған құн салығының сомасын өтеу «Такс фри» пилоттық жобасына қатысатын стационарлық сауда объектілерінде орналасқан сауда орындарындағы «Такс фри» жүйесінде сауда қызметі субъектісінен сатып алынған азық-түлік емес тауарларға ғана жүргізіледі.

ҚҚС қайтару үшін сатып алушы кеден бекетінің қызметкеріне «Такс фри» құжатын (түбіртегін) ұсынады. Кеден бекетінің қызметкері құжатты қараған соң тексерудің жүргізілгені туралы белгі (жеке нөмірлі мөр) қояды.

Сатып алушы Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларында тауарларды қарап-тексеру рәсімінен өткеннен кейін «Такс фри» жүйесінің операторына Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларындағы халықаралық әуежайларының қону аймағында орналасқан «Такс фри» арнайы пошта жәшігі арқылы қарап-тексеру жүргізу туралы (жеке нөмірлік мөрі) белгісі бар «Такс фри» құжатын (чегін) "Global Blue" компаниясына ұсынады немесе жеткізудің өзге де тәсілімен (пошта байланысы) жүзеге асырылады.

«Такс фри» жүйесінің операторы сатып алушыға қосылған құн салығы сомасының өтемақысын төлеу қолма-қол ақшасыз нысанда ғана банк шотына, немесе несие картасына немесе мобильді әмиян шотына ақша қаражатын аудару арқылы жүзеге асырады.

Толық мәліметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2019 жылғы 13 тамыздағы № 871 Бұйрығымен тасысу арқылы ала аласыз.