
ЖОЛАУШЫЛАР КЕДЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫН СМАРТФОН АРҚЫЛЫ БЕРУГЕ БОЛАДЫ
Жолаушылар кедендік декларациясын беру процесін жеңілдету мақсатында "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасында модуль әзірледі, ол арқылы жеке тұлғалар орналасқан жеріне қарамастан, үйден шықпай-ақ жолаушылар кедендік декларациясын смартфон арқылы бере алады.
Мобильді қосымшада әзірленген модуль халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тасымалданатын және экспресс-тасымалдаушылар жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялауға, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, қолма-қол ақша қаражаттары мен ақша құралдарын декларациялауға арналған.