
Қайырымдылық көмек көрсететін компаниялар осы шығыстарын корпоративтік табыс салығын есептеу барысында ескере алатынын білесіз бе? Қазақстанда коммерциялық емес ұйымның өтеусіз негізде алған қайырымдылық көмегі мен грант та аталған салықтан босатылған. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаның алған қайырымдылық көмегі де жеке табыс салығынан босатылады.
Қайырымдылық көмекті көрсету
Салық кодексінің қолданыстағы нормаларына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеу барысында салық төлеушілер салық салынатын кірісті азайтуға құқылы. 3 (мониторингтегі ірі салық төлеушілер) немесе 4 (қалған салық төлеушілер) пайыздан аспайтын жалпы соманың мөлшерінде:
- көмек алатын тұлға тарапынан түскен өтініш негізінде салық төлеушінің шешімі болған жағдайда қайырымдылық көмек бойынша шығыстарға салық салынатын кірісті;
- коммерциялық емес ұйым алушы болып табылатын өтеусіз берілген мүліктің құны түріндегі шығыстарға азайтуға құқылы (Салық кодексінің 288-бабы).
Коммерциялық емес ұйымның қайырымдылық көмекті алуы
Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде қайырымдылық көмек, грант, демеушілік көмек, өтеусіз негізде алынған ақша және басқа мүлік түріндегі коммерциялық емес ұйымның кірістері жылдық жиынтық табыстан алынып тасталады (Салық кодексінің 289-бабы). Сәйкесінше, аталған көмек корпоративті табыс салығынан босатылады.
Жеке тұлғалардан мүлікті өтеусіз алу
Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан өтеусіз негізде, оның ішінде сыйға алу немесе мұраға қалдыру түрінде алған мүлік алып тасталады.
Толығырақ kgd.gov.kz сайтында.