
Мемлекеттік кірістер департаменті мен мемлекеттік басқару Академиясы Мемлекеттік қызметшілерді дамыту саласында бірге қызмет атқарады
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалымен әріптестікті нығайтады.
Осы әріптестік аясында "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" Жетісу облысы бойынша филиалының доценті, әлеуметтану ғылымдарының докторы Рысжамал Қадырқызы Аралбаева Департамент қызметкерлерінің алдында маңызды дәріс оқыды.
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өз жұмысын үнемі жақсартуға және өз қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға ұмтылады. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалымен ынтымақтастық осы мақсаттарға қол жеткізудегі маңызды қадам болып табылады.




























