
22 маусымда Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу пункттері жабылады
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу 2023 жылғы 22 маусымда жүзеге асырылмайды.
Шекара ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы "Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы" келісімге сәйкес ҚХР-да "Айдаһар қайықтары (Дуан-у) мерекесін" атап өтуге байланысты жабылады.
Бұл ретте теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейтін болады.