Date of publication: 28.04.2023 18:29
Date of changing: 28.04.2023 18:31

БӨЛШЕК САЛЫҚТЫҢ АРНАЙЫ САЛЫҚ РЕЖИМІН ҚОЛДАНУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ АНЫҚТАЛДЫ

 

Бүгінгі күні бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, 01.01.2023 жылдан бастап бөлшек салықтың арнайы салық режиміне (АСР) көшуге шешім қабылдаған ҚҚС төлемеушілер ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін өзінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет. (бұдан әрі – хабарлама). Хабарламаны салық төлеушінің кабинеті арқылы ұсынуға болады

Бұл ретте бөлшек салықтың АСР-не ауысу үшін ретроспективті түрде, мысалы, ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап хабарламада «Бөлшек салықтың АСР-не G» деген 2-бөлімде белгі қойылады, «АСР қолдану шарттарына сәйкес келмеуінің» себебі және 01.01.2023 жылғы күні көрсетіледі, бұл осы режимді 01.01.2023 жылдан бастап қолдануға мүмкіндік береді.

Көрсетілген салық режиміне көшу үшін ҚҚС төлеушілер а.ж. 1 мамырына дейін МКБ-на хабарламалар ұсынады (2-бөлімде «Бөлшек салық АСР-не G» және «А. ерікті шешім қабылдау себептері» белгісі бар), қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы (салық төлеушінің кабинасы арқылы ұсынылуы мүмкін) және ҚҚС бойынша есептен шығару туралы салықтық өтініш.

Мемлекеттік кірістер комитеті жоғарыда аталған барлық құжаттарды МКБ-на қағаз жеткізгіштерде, пошта арқылы немесе «Е-Өтініш» АЖ арқылы ұсынуға болатынын хабарлайды.

Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін барлық МКБ құжаттарды 2023 жылғы 29 сәуірдегі демалыс күні сағат 13-ке дейін қабылдайтынын хабарлаймыз.

Кейінгі кезеңдерден бастап бөлшек салықтың АСР-не ауысатын салық төлеушілер хабарламаны әдеттегідей ұсынады.

Мамыр айында ұсынылған хабарлама салық төлеушіге осы салық режимін 1 маусымнан бастап қолдану құқығын береді.