Date of publication: 27.03.2023 18:21
Date of changing: 27.03.2023 18:23

«ТІЖ ресімдеу ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар»

 

            Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Атамекен» ҰКП-мен бірлескен жұмыс аясында «Тауарларға ілеспе жұк құжаттарын қалыптастыру ережесіне»(2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрық) 2023 жылдың 15 наурызда № 278 бұйрығымен өзгерістер енгізілгенін,  өзгерісте ілеспе жұк құжаттарын қалыптастыру және «Виртуалды қойма» модулін пайдалануын жеңілдетуі қаралғанын хабарлайды.

            Аталған бұйрық 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап ТІЖ қалыптастыру бойынша міндеттемелерді көздейді:

·      виртуалды қойманы пайдалана мұнай өнімдеріне,  алкогольдік ішімдіктер және  қадағалау механизмі туралы келісімге сәйкес қадағалануға жататын тауарлар (11 кодтары – тоңазытқыштар, мұздатқыштар);

·      ЕАЭО шегінде тауарларды импорттау/экспорттау (барлық тауарлар үшін) кезінде Виртуалды қойманы пайдаланбай.

            Осылайша, Қазақстан ішінде тауарларды сату кезінде ТІЖ тауарлардың 3 санатына ғана қалыптастыру керек. Басқа тауарлар үшін ТІЖ және Виртуалды қойманы пайдалану ерікті негізде жүзеге асырылады.

            Енгізілген өзгерістер Қазақстан Республикасы ішінде тауарларды өткізу кезінде ТІЖ міндеттемелерін жабуды 16 есеге (80 000 NP-ден 5 000 NP-ге дейін) қысқартуға мүмкіндік береді.

            Сонымен қатар, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды электрондық нысанда беру қағидаларына (№ 370 бұйрық) және ЭШФ АЖ Виртуалды қойма модулі арқылы электрондық шот-фактуралар ресімделетін тауарлар тізбесіне (№ 384 бұйрық) ілеспе түзетулер енгізілді.