Date of publication: 09.02.2023 12:23
Date of changing: 09.02.2023 12:24

15 ақпанда 2022 жылғы 4 тоқсан мен 2 жартыжылдық салық есептілігін ұсыну мерзімі аяқталады

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2023 жылғы 15 ақпанда 2022 жылғы 4-ші тоқсан мен 2-ші жартыжылдық салық есептілігін ұсыну мерзімі аяқталатынын еске салады.
Мәселен, 4-тоқсанда "Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация" 200.00 ТНК, "Қосылған құн салығы бойынша декларация" 300.00, сондай-ақ "Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация" 910.00 нысаны 2-ші жартыжылдықта ұсыну қажет.