Date of publication: 25.01.2023 15:46
Date of changing: 25.01.2023 15:47

 

Техникалық реттеу саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

 

2023 жылғы 25 қаңтарында Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қозбеков Талғат Жапарханұлы және Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Омарова Бибігүл Нұрсапайқызы, Жетісу облысының аумағында техникалық реттеу саласында  және  техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің айналымына жол бермеудің өзара ынтымақтастық туралы Меморандумына бірлесіп қол қойды.

Осы Меморандумның мақсаты техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің айналымына жол бермеу, Одақ туралы шартқа сәйкес және техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын бақылау бойынша жалпы күш-жігерді біріктіру болып табылады. (немесе) өз құзыреті шегінде тауарлар шығарылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілуі мүмкін.

Меморандумның мәні техникалық регламенттер талаптарының сақталуын, техникалық реттеу бөлігінде тауарларға тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау тәртібін айқындау бойынша Тараптардың өзара ынтымақтастығын қамтамасыз ету мәселелері болып табылады.