Date of publication: 26.12.2022 12:01
Date of changing: 26.12.2022 12:04

Бөлшек салықты АСР қолдану бойынша салық төлеушілердің назарына

 

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, ҚР 24.06.2021 жылғы №53-VII Заңымен Салық кодексіне бөлшек салықты қолдану бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

Өзгерістерге сәйкес бөлшек салықтың арнайы салық режимі тағы 2 жылға ұзартылады (01.01.2023 жылдан 31.12.2024 жылға дейін).

Салық ставкасы алынған табыстың 6% мөлшерінде белгіленген.

Бөлшек салық АСР тек Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қоғамдық тамақтану саласы үшін қолданылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17.11.2022 жылғы №912 қаулысымен "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерінің тізбесін айқындау туралы" ҚР Үкіметінің 02.02.2021 жылғы №30 қаулысына өзгерістер енгізілді, онда бөлшек салықты АСР қолдану мақсаттары үшін қоғамдық тамақтану саласындағы қызмет түрлері айқындалды.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты бұрын бөлшек салықты АСР қолданған және қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асырмаған салық төлеушілер жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне көшуі керек.