
2023 жылға ЕТЖ, АЕК мөлшері, зейнетақының ең төменгі мөлшері және ең төменгі күнкөріс деңгейі белгіленген
ҚР "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 163-VII Заңына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) ЕТЖ 2023 жылға-70 000 теңге;
2) айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге (жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да төлемдерді қолдану үшін);
3) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 24 341 теңге;
4) зейнетақының ең төменгі мөлшері-53 076 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 40 567 теңге.