
ТЕАТР - ҚОҒАМДЫ АДАМГЕРШІЛІК ПЕН РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚҚА БАСТАЙТЫН БІРДЕН-БІР ЖОЛ
2022 жылдың 14 желтоқсан күні Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында "ҚҰЗҒЫН" әлеуметтік драма қойылымының премьерасы өтті.
«Құзғын» драмасы қоғамда орын алып жатқан сыбайлас жемқорлық тақырыбында сөз қозғап, сол індеттің салдарын айқын көрсететін туынды. Осы келеңсіз құбылыстың ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні, сондай-ақ кез-келген саланың жұмысын тежейтіні анық. Шеберлікпен сомдалған рөлдер әр адамды ойландырғаны сөзсіз.
Аталған қойылымға Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы.барып тамашалады.