Date of publication: 07.12.2022 14:52
Date of changing: 07.12.2022 14:53

Салық әмияны

«e-Salyq Азамат» мобильді қосымшасында жүзеге асырылған. Қосымша уақытты үнемдейді, қате төлемдер мен негізсіз айыппұлдарды жойып қана қоймай, салықтарды төлеу кезінде банк комиссияларына жұмсалатын шығындарды да төмендетеді.
Мобильді қосымша бюджетке төлемдерді автоматты түрде есепке жатқызылуына мүмкіндік береді. Жеке тұлғалардың альтернативті түрде «Салық әмиянын» толтыру арқылы салық төлеуге мүмкіндігі бар.
Айта кету керек, мобильді қосымша арқылы азаматтар қарыз сомасын көре алады және салықты онлайн төлей алады. Одан бөлек, қосымшада алдағы төлемдер туралы ақпаратты көруге болады.
Жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша негізгі салықтарынан басқа, кәсіпкерлік қызметтен алынатын салықтарды, кедендік төлемдерді, мемлекеттік баждарды, алымдарды, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды, жекешелендіру үшін төлемдер, жерді сату және басқаларды төлеуге мүмкіндігі бар.
Қосымша App Store мен Play Market-те қол жетімді.