Date of publication: 02.12.2022 17:33
Date of changing: 02.12.2022 17:34

АЭА қатысушыларының назарына!

2022 жылғы 1 қарашадан бастап АЭА тауарларына ТІЖ үзінді көшірмесі міндетті болып табылады

 

 

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 6 қазандағы № 1040 бұйрығымен "Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды және олардың құжат айналымын ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы     № 1104 бұйрығына өзгерістер енгізілді". (бұдан әрі – Қағидалар)

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл және тауарлардың қадағалануын қамтамасыз ету мақсатында пилоттық жоба АЭА аумағына (нан) әкелінген, әкетілген, АЭА аумағында өндірілген және өткізілетін тауарлар бойынша ТІЖ ресімдеу бөлігінде кеңейтілді. (пилотты өткізу мерзімі 2022 жылғы 1 қарашадан 2023 жылғы 1 сәуірге дейін)