
Жетісу облысының аумақтық МКБ кодтары
Құрметті салық төлеушілер.
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алматы облысының бөлінуіне байланысты Жетісу облысының салық органдарының кодтарының өзгергені туралы хабарлайды.
Салық есептілігін ұсыну және салықтарды төлеу кезінде салық органдарының жаңа кодтарын көрсету қажет.
Егер бұрын Талдықорған қаласы бойынша МКБ коды 0922 болса, ал қазіргі код– 7010.
Салық есептілігінде және салық төлеу кезінде кодтың дұрыс көрсетілмеуі салық берешегінің пайда болуына әкеледі.
Салық төлеу және есептерді толтыру кезінде кодтарды дұрыс көрсетуіңізді сұраймыз.