Date of publication: 18.11.2022 18:06
Date of changing: 18.11.2022 18:07

 

2022 жылғы 21 қарашада қаржылық есептілікті ұсыну және жанама салықтарды төлеу мерзімі аяқталады.

 

21 қарашадан кешіктірмей ұсыну қажет:

  • Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы 2022 жылғы қазан айындағы өтініш (ф. 328.00).
  • Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдерінің сомаларын есептеу (егер уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасалса немесе 2022 жылғы қазанда қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия алынса) (851.00-нысан).
  • Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация (2022 жылғы қазанда рұқсат беру құжатын алған кезде төлем көлемі 100 АЕК-ке дейінгі I және II санаттағы объектілердің операторлары үшін) (870.00-нысан).

 

Сондай ақ бюджетке төлеу қажет:

  • 2022 жылғы қазан айындағы ЕАЭО-дағы ҚҚС және акциз;
  • I және II санаттағы объектілер операторларының төлем көлемі бойынша 100 АЕК-ке дейінгі нормативті сатып алғаны үшін қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы.