Date of publication: 14.10.2022 12:06
Date of changing: 14.10.2022 12:07

Кербұлақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жаңа басшы тағайындалды

 

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары С.С. Шайкенов Кербұлақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 14.10.2022 жылғы №Ж-98 бұйрығымен Кербұлақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына Себеков Нұрбол Баитлеуұлы тағайындалды.