Жарияланған күні: 24.03.2023 16:21
Өзгертілген күні: 24.03.2023 16:26

Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті ҚР Салық кодексінің 93-бабына сәйкес мәжбүрлеп таратылатын субъектілердің алдын-ала тізімін жариялайды.

Сонымен қатар, мәжбүрлеп таратуға жататын субъектілердің  бастапқы тізімі Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің «zhts.kgd.gov.kz» сайтында «Мәжбүрлі түрде таратуға жататын салық төлеушілер бойынша тізім» бөлімінде қосымша жарияланғанын хабарлайды.

Кредиторлардың және өзге де тұлғалардың өтініштері (талаптары) жарияланған күннен бастап екі ай ішінде, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 113, №324, №326 кабинет, мекен-жайы бойынша қабылданады.

Өтініштер (талаптарды) қабылдау бойынша жауапты тұлға: Берешекпен жұмыс жөніндегі басқарма. Байланыс телефондары: 8/7282/60-12-01, 8/7282/60-12-76, 8/7282/60-11-14.