
Құрметті әріптестер!
Сіздерді көктемнің ерекше мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Еліміздің бүгінгі жетістіктерінде әрбір нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр.
Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі — көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер
Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!
Iзгi ниетпен,
Жетісу облысы бойынша МКД басшысы Т.Козбеков