
"Кеден": кедендік ресімдеудің жаңа ақпараттық жүйесіне көшу
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Кеден" жаңа кедендік ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша іс-шаралар өткізеді, оның функционалдығы кедендік декларациялау және кедендік әкімшілендіру кезінде пайдаланылатын болады.
Кезең-кезеңмен «Кеден» АИЖ-ге «АСТАНА-1» және «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» әрекеттегі ақпараттық жүйелерінің функционалы көшірілетін болады.
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап пилоттық режимде экспресс-жүктерге арналған тауарларға арналған декларация (ЭЖТД) және экспресс-жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясы (ЭЖЖКД) арқылы экспресс-жүктерді декларациялау модулі іске қосылды.
«Кеден» АЖ функционалын іске асырудың келесі кезеңі алдын ала ақпараттандыру, кедендік транзит, тауарларды уақытша сақтау, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді тіркеу, интеграцияланған бақылауды жүргізу және т.б. бойынша кедендік операцияларды жасауға байланысты модульдерді іске қосу болып табылады.
Аталған функционалды іске қосу ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінен басталады деп жоспарлануда.
«Кеден» АИЖ жүйесінің нұсқаулары мен пайдаланушы нұсқаулығымен https://keden.kgd.gov.kz сайтындағы «Нұсқаулықтар» бөлімінен танысуға болады.
#Кеден
#таможня
#таможеннаясистема
#единоеокно
#таможенныепроцедуры
#кедендікжүйе
#экспорттықимпорттықоперациялар
#ақпараттықжүйе