
Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптардың сақталуы туралы
Мемлекеттік қызметшілер "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын және Әдеп кодексінің нормаларын сақтауы қажет.
Бұл ретте, қызметтен тыс уақытта әр қызметкер жеке басының тәртібіне көңіл аударуы, құмар ойындары мекемелеріне бармауға, түсірілген сурет, бейнетүсірілімдерді әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарына орналастырған кезде Әдеп кодекcінің талаптарын ескеруі қажет.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге жеке тұлғалардан немесе заңды тұлғалардың өкілдерінен қандай да бір сыйлықтар алуға қатаң тыйым салынады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қарашадағы № 396 Жарлығымен Мемлекеттік қызметшілерге ойын мекемесіне барудан тартыну талабы қойылғанын қатаң ескертіледі.