Жарияланған күні: 05.10.2022 14:52
Өзгертілген күні: 05.10.2022 14:53

Жеке практикамен айналысатын адамдар 2022 жылғы 5 қазаннан кешіктірмей қыркүйекте алынған кірістер бойынша ЖТС төлеуі қажет.

 

Жеке практикамен айналысатын адамдар 2022 жылғы 5 қазаннан кешіктірмей қыркүйекте алынған кірістер бойынша ЖТС төлеуі қажет.

Бұл жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға қатысты.

Заң көмегін көрсеткені, нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін тиісінше ақы төлеуді, сондай-ақ қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің алынған сомаларын қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіби медиатор қызметін жүзеге асырудан алынған табыстардың барлық түрлеріне салық салынады.

ЖТС сомасы алынған табыстың 10% -. құрайды және ай сайын 5-ші күннен кешіктірілмей төленуге тиіс.