
Мемлекеттік қызмет көрсету "Транзиттік декларацияны қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен (бұдан әрі – ТД қағидалары) регламенттелген («Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы "ҚР ҚМ м. а. 10.07.2020 ж. № 665 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 31.07.2024 жылғы №500 бұйрығымен бекітілген). Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Ұсыну тәсілдері: көрсетілетін қызметті беруші арқылы; «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz. ТД тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі оны берген сәттен бастап екі сағаттан аспайтын мерзімде. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі-тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.08.2023 ж.қаулысына сәйкес «Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдар ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 05.04.2018 ж. №171 қаулысына өзгерістер енгізілді, онда 6 АЕК (22 152 тг.) мөлшерінде кедендік алым ставкасы енгізілді.) транзиттік декларацияны пайдалана отырып тауарларды кедендік декларациялау үшін.