Жарияланған күні: 17.05.2023 15:10
Өзгертілген күні: 17.05.2023 15:11

"Сыбайлас жемқорлық-барлық уақыттағы және барлық халықтардағы кез келген мемлекеттік аппараттың созылмалы және емделмейтін ауруы".

Біздің елімізде сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу және нөлдік төзімділікке тәрбиелеу арқылы жою бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлықты жеңу үшін әрқайсымыз сыбайлас жемқорлыққа төзбеуіміз керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы іске асырылады:

1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру;

2) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою;

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;

4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

5) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесі әзірленді және енгізілді, оған мыналар кіреді:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг;

2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау;

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заң сараптамасын жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық нормаларын анықтау;

5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтау;

6) қаржылық бақылау;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер;

8) мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу;

9) кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары;

10) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;

11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлама;

12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын жою;

13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы қалыптастыру және жариялау.