Жарияланған күні: 20.11.2024 16:36
Өзгертілген күні: 20.11.2024 16:36

Сіз салық төлемейсіз - көбірек төлеңіз: мәжбүрлеп өндіріп алу кезінде қосымша шығындар

 

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 1 қазанында жеке тұлғалардың мүлкіне салық төлеу мерзімі аяқталғанын еске салады. 

Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы айқындайтын салық салу объектілерінің құны және меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзіміне қарай жүргізеді.

Салық заңнамасына сәйкес алдағы салық сомалары бойынша хабарламалар ағымдағы жылдың шілде айында меншік иелеріне бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жіберілді.

2024 жылғы 2 қазаннан бастап салық сомасын уақтылы төлемеген тұлғаларға жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламалар жіберілді.

Хабарлама тапсырылғаннан кейін 30 жұмыс күнінен кейін 1 АЕК-тен (3 692 теңге) астам берешек сомасы бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы бұйрық жіберілетінін түсіну маңызды, ол 5 жұмыс күнінен кейін жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға беріледі.

Бұл ретте, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа, салық берешегі сомасының 25% - на дейін жететін, шоттарды қамауға алу және шығуға шектеу қоюдан туындаған қолайсыздықтар туралы айтпағанда, қосымша төлем өндіріп алады.

Осылайша, қажетсіз шығындар мен сұрақтарды болдырмау үшін мүлік салығын шұғыл түрде төлеуді ұсынамыз. 

Салықты e-Salyq Azamat және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, «Электрондық үкімет» порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің бөлімшеріндегі немесе төлем терминалдарындағы қолма-қол ақша қаражатымен, сондай-ақ банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлеуге болады.