Жарияланған күні: 04.04.2025 11:39
Өзгертілген күні: 04.04.2025 11:40

«ШЫХО-Қорғас» кеден бекетінде шетел валютасын заңсыз шығарудың кезекті фактісі анықталды.

 

2025 жылдың 18 наурызында ҚР-дан ҚХР-ға бара жатқан ҚР азаматшасының жеке заттарын тексеру барысында декларацияланбаған 39 800 АҚШ доллары көлеміндегі ақша қаражаты анықталды.

ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығына сәйкес, эквиваленті 10 000 АҚШ долларынан асатын шетел валютасын қолма-қол ақша түрінде шығаруға тыйым салынған.

Жеке тұлғалар кедендік декларациясыз шетелдік және ұлттық валютаның қолма-қол ақшасын және жол чектерін жалпы сомасы эквиваленті он мың АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде әкелуге немесе шығаруға құқылы.

 Эквиваленті 10 000 АҚШ долларынан асатын сома міндетті түрде кедендік декларациялауға жатады.

Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа жолданды. Еске саламыз, көрсетілген ақша қаражатын тасымалдау нормаларын бұзғаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 551-бабының 3-бөлігі бойынша декларацияланбаған немесе дұрыс декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары сомасының 25% мөлшерінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, сондай-ақ декларацияланбаған немесе дұрыс декларацияланбаған ақша қаражаты мен ақша құралдары тәркіленеді.

Анықтама: 2024 жыл ішінде ақша қаражатын заңсыз тасымалдаудың 206 фактісі анықталды, 5,8 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды, декларацияланбаған ақша қаражатының сомасы 3,2 млн АҚШ долларын құрады.