Жарияланған күні: 29.03.2023 16:23
Өзгертілген күні: 29.03.2023 16:24

СЭҚ қатысушылары ҚХР шекарасындағы электрондық кезек туралы не білуі керек

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен "Ақпараттық-есепке алу орталығы" АҚ талдауына сәйкес Қазақстан-Қытай шекарасында автокөліктердің жиналуының негізгі себебі тасымалдаушыларда халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың болмауы болды.
Осыған байланысты, Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тасымалдаушыларға рұқсат құжаттарын 15 сәуірге дейін ресімдеу қажеттігін хабарлайды. 16 сәуірден бастап осы құжаттарсыз барлық АКҚ CarGoRuqsat кезегінен шығарылады.
Cargoruqsat кезегі бойынша автокөлік брондауда белгіленген күн мен уақытта өткізу пунктіне келуі керек. 16 сәуірден бастап CarGoRuqsat-та брондау саны 300-ге дейін ұлғайтылады, ал тізім "E-border" кезегі бойынша таусылғаннан кейін бос броньдар санын көбейту жоспарлануда.
Кезекті түсіру үшін "E-border" тізіміндегі барлық автокөлік құралдары Қытайға шығу үшін өткізу пунктіне 28 наурыз бен 15 сәуір аралығында келуі тиіс. Егер барлық рұқсат құжаттары дайын болса, онда машиналар жарияланған тізімдерден тыс шекарадан өте алады. Көрсетілген мерзімге дейін келмеген автомобильдер кезектен шығарылады.