Жарияланған күні: 22.11.2024 16:07
Өзгертілген күні: 22.11.2024 16:08

 

Salyqbot Telegram мессенджерінде

 

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің назарына Telegram мессенджерінде сіздің банктік шоттарыңызды бұғаттау мәселелері, жергілікті салықтар бойынша есептеу және берешек мәселелері, жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша мәліметтерді жедел алуға мүмкіндігіңіз бар екенін жеткізеді, соның ішінде 250.00 және 270.00 нысанындағы есептілікті ұсыну бойынша, сондай-ақ жеке тұлғалардың банкроттық мәселелері бойынша.

Бұл ретте ағымдағы жылдың қазан айынан бастап «Кеден мәселелері бойынша жедел көмек көрсету» жаңа қызметі іске қосылды. Ақпарат алу үшін іздеуде Salygbot теріп, содан кейін чатқа өтіп, мәзірден сізді қызықтыратын сұрақ тақырыбын таңдау керек.

2024 жыдың 20-қыркүйегінен бастап көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын айқындау және салық төлеушілердің салық/кеден органдары туралы пікірін айқындау мақсатында Salyqbot сауалнамасы, атап айтқанда «МКО қызметтерінің сапасы туралы» және «МКО қызметі туралып пікір» жаңартылған.