
SalyqBot – қазақ және орыс тілдерінде цифрлық салық консультанты, ыңғайлы болу үшін Qr-кодтың көмегімен кіру мүмкіндігі қарастырылған.
SalyqBot көмегімен Сізде:
▪️салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді лезде білуге;
▪️салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл сомасын есептеуге;
▪️көлік құралдарына салынатын салықты дербес есептеуге;
▪️өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға;
▪️түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға;
▪️тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push – хабарламаларды, сондай-ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды (ақпарат пайдаланушының-жеке немесе заңды тұлғаның мүддесін ескере отырып жіберіледі) алуға;
▪️банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға;
▪️егер сіз заңды тұлға болсаңыз, төленген сомалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар.