
2024 жылдың 19 маусымында Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бизнес өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға танымал блогер, цифрлық контент авторы және салық порталының жүргізушісі Екатерина Ким (@nalogialmaty) қатысты. Іскерлік кездесуде өзекті мәселелер талқыланды:
• Жалпыға бірдей декларациялау: 250 және 270 декларацияларды беру тәртібі мен әдістері.
• Мобильді аударымдар: салық салу және бақылау.
• Бизнестің бөлшектенуі.
Департамент басшысының орынбасары С.Шайкенов: «Біздің мақсатымыз – жазалау емес, түсіндіру, бизнес-қоғамдастықпен сындарлы диалог орнату, салық салудың күрделі мәселелерін түсінуге көмектесу және қателіктер жібермеу!
Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы А.Әбілмәжінов жалпыға бірдей декларациялау мәселелеріне жан-жақты тоқталып, бұл шара бизнестің ашықтығын арттыруға және салық ауыртпалығын әділ бөлуді қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Камералдық мониторинг бөлімінің басшысы Р.Жамаубаев мобильді аударымдарды бақылау тәртібін түсіндірді. Ол аудармалардың барлығы тексерілуге жатпайтынын атап өтті. Тек үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан да көп әр түрлі жеке тұлғалардан жеке шоттарына мобильді аударымдарды алатын тұлғалар ғана бақылауға алынады.
Екатерина Ким кездесуге қатысушылардың назарын бизнестің бөлшектену қаупіне аударды. Ол салық жүктемесін жасанды түрде азайтуға бағытталған бұл схеманың ауыр зардаптарға әкелетінін, оның ішінде салық органдарының қосымша тексерулерін де түсіндірді.
Екатерина Ким сондай-ақ клиенттермен кез келген төлем жасау кезінде БKM түбіртектерін беру қажеттігін атап өтті. Ол бақылау-кассалық машиналарды пайдалану заң талабы екенін түсіндірді. Бұл бизнестің ашықтығын қамтамасыз етуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және айыппұлдарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Кездесу достық жағдайда өтті. Кәсіпкерлер өздерін толғандырған сауалдарына жан-жақты жауап алып, берілген ақпаратқа ризашылықтарын білдірді.
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.