Жарияланған күні: 11.11.2024 12:46
Өзгертілген күні: 11.11.2024 12:48

Қараша айына салықтық күнтізбе

 

Салық есептілігі бойынша:

 

 15 қараша 2024 жыл:

▫️ 101.03 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсан үшін резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған КТС есебі;

▫️ 101.04 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсан үшін резидент емес тұлғаның табысынан төлем көзінен ұсталған КТС есебі;

▫️ 200.00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсан үшін ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;

▫️ 300.00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсаны үшін ҚҚС бойынша декларация;

▫️ 400.00 және 421.00 нысандары – 2024 ж. қыркүйек айы үшін акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп айырысу;

▫️ 570.00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсан үшін экспортқа арналған рента салығы декларациясы;

▫️ 590.00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсан үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығы декларациясы;

▫️ 710.00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсан үшін ойын бизнесіне салық декларациясы;

▫️ 860.00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсан үшін жерүсті су ресурстарын пайдалану үшін төлем декларациясы;

▫️ 870.00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсан үшін қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлем декларациясы;

▫️ 880.00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсан үшін цифрлық майнинг үшін төлем декларациясы;

▫️ 913.00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсан үшін бөлшек салықтың АСР қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация.

 

Төлемдер бойынша:

 

 20 қараша 2024 жыл:

▫️ 328.00 форма – 2024 жылдың қазан айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.

▫️ 2024 жылдың қазан айы үшін ҚҚС (Еуразиялық экономикалық одақ аясында);

▫️ 2024 жылдың қазан айы үшін акциз, соның ішінде ЕАЭО мүше мемлекеттерінен импортталған тауарлар бойынша.

 

 25 қараша 2024 жыл:

▫️ 2024 жылғы қараша айына КТС аванстық төлемдері;

▫️ 2024 жылғы қазан айында төленген табыстардан төлем көзі бойынша ұсталған КТС, ЖТС;

▫️ 2024 жылғы қазан айында төленген табыстардан ЖТС;

▫️ Арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, АСР қолданатын ЖК-нің 2024 жылғы қазан айындағы табыстарынан ЖТС;

▫️ 2024 жылдың 3-тоқсан үшін бөлшек салықтың АСР қолданатын салық төлеушілерге арналған декларацияда көрсетілген КТС, ЖТС;

▫️ 2024 жылғы 3-тоқсан үшін ҚҚС;

▫️ 2024 жылғы 3-тоқсан үшін экспортқа арналған рента салығы;

▫️ 2024 жылғы 3-тоқсан үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығы;

▫️ 2024 жылғы 3-тоқсан үшін ойын бизнесіне салық;

▫️ 2024 жылғы 3-тоқсан үшін цифрлық майнинг үшін төлем;

▫️ 2024 жылғы қазан айы үшін әлеуметтік салық;

▫️ 2024 жылғы қазан айына арналған бірыңғай төлем;

▫️ 25 қарашадан кешіктірмей ағымдағы төлем ретінде жер салығы;

▫️ 25 қарашадан кешіктірмей ағымдағы төлем ретінде мүлік салығы;

▫️ 2024 жылғы қазан айына арналған міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);

▫️ 2024 жылғы қазан айына арналған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ);

▫️ 2024 жылғы қазан айына арналған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ);

▫️ 2024 жылғы қазан айына арналған әлеуметтік аударымдар;

▫️ 2024 жылғы қазан айына арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша жарналар мен аударымдар.