
Мобильді қосымшалардғыа алаяқтық: E-Salyk Azamat және E-Salyk Business қосымшаларында сақтық шаралары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті E-Salyk Azamat және E-Salyk Business мобильді қосымшаларында алаяқтық әрекеттерінің орын алғанын анықтады.
Осыған байланысты e-Salyq Azamat және e-Salyq Business мобильді қосымшаларының пайдаланушыларына келесі сақтық шараларын сақтау сұралады:
• e-Salyq Azamat немесе e-Salyq Business атынан келген хабарламалардағы күдікті файлдарды ашпаңыз (e-Salyq Azamat және e-Salyq Business мобильді қосымшалары мессенджерлерге ешқандай хабарламалар жібермейді);
• WhatsApp, Telegram және басқа мессенджерлерде келген e-Salyq Azamat немесе e-Salyq Business атынан жазылған хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз;
• сұралған мәліметтерді (толық аты-жөні, байланыс нөмірі, қызметі, мекенжайы және басқа деректер) толтырып бермеңіз;
• техникалық сипаттағы сұрақтар бойынша e-Salyq Azamat және e-Salyq Business мобильді қосымшаларының қолдау қызметіне support_portal@kgd.minfin.gov.kz поштасына хабарласыңыз.